×

Күдіктінің анасы сарбаз Әлібек Қалбайдың отбасына көңіл айтты

Айболат Аманжолдың анасы Айнұр Төлемісова әділдік іздейді

 Дастан Жұмабекұлы 18.05.2022 | 11:17
коллаж: Halyq Uni

Сарбаз Әлібек Қалбайды өлтірді деген күдікке ілінген Айболат Аманжолдың анасы Маңғыстау облысына барып, марқұмның отбасымен кездесіп, қайғыдан қан жұтқан жауынгердің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

«Мен кездесуден қорыққан жоқпын. Себебі, баламның кінәсі жоқ екенін білемін. Ешнәрсені жасырмаймыз. Бұл туралы Әлібектің анасына айттым. Ол менімен келісті. Екеуімізге тек шындық қажет. Біз тәтесімен, апасымен жақсы сөйлестік. Олар мені түсінеді. Ешкім ешқандай айып таққан жоқ. Біздің ұлдар расында әскерде бірге қызмет етті: бір-бірімен жақсы араласты, бір-біріне «үйдегілерден ант қабылдау рәсіміне кім келеді, бауырсақ алып келеді ме?», деген сұрақтар қойған»,- деп айтты күдікті Айболат Аманжолдың анасы Айнұр Төлемісова.  

Telegram-дағы НЕХабар парақшасында Айнұр Төлемісова қоғам белсенділерінің көмегімен қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасап жатқаны айтылған.

«Олар Қорғаныс министрлігіне, Бас әскери прокуратураға, Президент әкімшілігіне хаттар жолдаған. Бірақ олардан әлі күнге дейін жауап алмаған», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама