×

«Палестинаны қолдаймыз деп ХАМАС-қа еріп кетпеуіміз керек»: Израильде елші болған қазақпен сұқбат

Сарапшы Израиль мен ХАМАС қақтығысының Қазақстанға әсері туралы айтты 

 Ая Өміртай 16.11.2023 | 14:49

Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстың басталғанына тура бір айдан асты. Қақтығыс Орталық Азия елдеріне экономикалық, әлеуметтік жағынан әсер етіп қана қоймай, теріс ағымдар тарапынан діни насихат жүруі мүмкін, деп хабарлайды Halyq Uni.

Израиль-ХАМАС қақтығысы Орталық Азия елдеріндегі қоғамдық көңіл-күйге қалай әсер етті? Оның ішінде Қазақстанға жанама әсері болуы мүмкін бе? Дәл осы сауалдарды Израиль мен Араб елдерінде дипломатиялық қызмет атқарған сарапшы Сайран Қадырдан сұрап көрдік.  

Сайран Қадыр Мoңғoлия сыртқы iстeр министрлiгiндe жәнe шeтeлдeрдeгi eлшiлiктeрдe 40 жылдай қызмeт aтқaрғaн.

Қазір дүниежүзі бір бірімен біте қайнасып кетті. Бір елде жарылыс болса әлемнің кез келген бұрышына қандай да бір жолмен әсер етеді. Экономикалық және әлеуметтік. Бірі Израильді қолдаса, бірі Палестинаны қолдап, қоғам екіге бөлінді. Палестина халқының әделетсіздік көрген, көп жыл таяқ жеген ел ретінде әлсізді қолдау заңдылық, - дейді Сайран Қадыр. 

Ол күрделі ахуал кезінде діни теріс ағымдардың ықпалы жүруі мүмкін екенін алға тартады. Сарапшы осыған ұқсас қақтығыс кезінде көптеген қазақстандықтардың Сирияға кеткен жағдайын еске түсірді.

Бұл арада мұсылман бауырлар деп аталатын «ХАМАС» – мұсылман елдерге тараған террорлық ұйым. Бұлар Совет Одағы мен Ауғанстан соғысында тәлібтер жағында, Иракта ИГИЛ (Қазақстанда тыйым салынған Ирак пен Левант Ислам мемлекеті – ред.) жағында соғысқан. Мәселені бейбіт жолмен емес, ату-жару, қорқыту арқылы шешпек болған ұйым. Егер Палестинаны қолдап отырып, ХАМАС-қа жақтассаң қоғамға кері әсер етері анық. Сириядағы қақтығыс кезінде де қаншама қазақ балалары Сирияға кетті. Теріс ағымға түсіп, теріс жолмен кетті. Мұны түсіндіру керек, сақтану қажет, - дейді бұрынғы елші. 

Газаның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қақтығыс болып жатқан аймақта күн сайын орта есеппен 160 бала қаза табады. Ал жалпы қайтыс болғандардың саны 10 мыңнан асқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама