Halyq Uni логотип
×

Еділ Жаңбыршин: Министрлер мен вице-министрлер Мәжіліске дайындықсыз келеді

Депутат шенеуніктерге ескерту жасады

 Дәурен Ерболат 08.11.2023 | 11:21
Еділ Жаңбыршин: Министрлер мен вице-министрлер Мәжіліске дайындықсыз келеді
көрнекі фото: Halyq Uni

Депутат Еділ Жаңбыршин Мәжіліске дайындықсыз келетін шенеуніктерді сынға алып, оларға ескерту жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Депутат Еділ Жаңбыршинге Мәжіліске дайындықсыз келетін шенеуніктердің әрекеті ұнамай қалды.

Біздің министрлер мен олардың орынбасарлары дайындықсыз келеді. Біреуі баяндама жасап, жауапты оқып отыр, екіншісі жалпылама әңгіме айтады. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанып отыр. Депутаттар нақты сұрақ қояды, бірақ нақты жауап жоқ. Біз қайта-қайта нақтылап отырамыз. Олай болмауы керек қой, - деді депутат.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин бұған дейін де министрлердің жауабына көңілі толмайтынын айтқан еді. Депутат «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың жауабына шағымданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама