Halyq Uni логотип
×

«Көріпкел емеспін ғой». Ажар Ғиният референдум кезінде маска тағу жайлы айтты

Референдум бесінші маусымда өтеді

 Айнұр Шошаева 18.05.2022 | 12:00
«Көріпкел емеспін ғой». Ажар Ғиният референдум кезінде маска тағу жайлы айтты
коллаж: Halyq Uni

Денсаулық сақтау министр Ажар Ғиният «5 маусым күні елімізде өтетін референдум кезінде сайлау учаскесінде бетперде тағу керек пе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

«Егер эпидемиологиялық жағдай жақсы болса, ауамен таралатын аурулар, оның ішінде коронавирус шықпаса, онда бұндай санитарлық-эпидемиологиялық талаптар болмайды. Бірақ өзіңіз көпшілік жиналған жерде денсаулығыңыз үшін маска таққыңыз келсе, ол өз еркіңізде, тағуға болады», - деді Ғиният ОКҚ брифингі барысында. 

Сондай-ақ оның айтуынша, бетперде тағу немесе тақпау қажеттілігі референдум өтетін күннің қарсаңында белгілі болмақ. 

Бұл сол күнгі немесе қарсаңындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Мен қазір қалай айтамын? Көріпкел емеспін ғой, - деп қосты министр.

Бұған дейін ведомство басшысы Қазақстанда 500 мың Pfizer-дің жарамдылық мерзімі маусымда аяқталатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама