×

Қазақстанда 500 мың Pfizer-дің жарамдылық мерзімі маусымда аяқталады

Қазір елімізде бір млн доза Pfizer бар екен

 Айнұр Шошаева 18.05.2022 | 11:35
фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі таңда Қазақстанда бір млн доза америкалық Pfizer вакцинасы бар. Оның жартысының жарамдылық мерзімі маусымда аяқталады. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министр Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

«Қазір еліміздегі Pfizer вакцинасының қоры 1 млн дозаны құрайды. 500 мың дозаның жарамдылық мерзімі маусымның соңында аяқталады. Бүгінгі таңда халық вакциналау мен қайтадан вакцина алуға белсенді келіп жатыр. Тәулік сайын шамамен 15 мың адам Pfizer алады. Сондықтан вакцинаны егу жоспарлы түрде жүріп жатыр», - деді Ғиният ОКҚ брифингі барысында. 

Бұған қоса ол бюджет қаржысына сатылып алынған Pfizer-дің не себепті толық салынбай қалғанын түсіндірді. 

«Бастапқыда вакцина балалар мен екіқабат әйелдерге арналып алынды. Қазір жүкті әйелдердің бар болғаны 30 пайызы ғана, сол сияқты балалардың 70 пайызы алды. Қалған Pfizer халықтың басқа тобына салынып жатыр», - деп толықтырды министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама