×

Ресей Украинамен келіссөзге дайын – Шойгу

Оның айтуынша, келісім екі жаққа да тиімді болу керек

 Дастан Жұмабекұлы 30.10.2023 | 17:58
Фото: Дмитрий Азаров, Коммерсантъ

РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресейдің Украинамен келіссөзге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан X Сяншань форумында айтты, деп хабарлады rbc.ru.

Ресей Украина дағдарысынан кейінгі жағдайды реттеп, Батыс елдерімен ынтымақтастықты қайта нығайтуға дайын. Жалпы, біз саяси пікірталасқа дайынбыз, – деді ол.

Оның айтуынша, келіссөздер екі жаққа да тиімді болу керек. Екі жақ проблеманы шешу үшін бәріне шынайы қарауға тиіс.

Сонымен бірге ол әлемдегі ядролық қару бар мемлекеттер бір-біріне құрметпен қарап, дүниежүзінде көпполярлы әлем құру үшін халықаралық қауіпсіздік мәселесін қайта қарау керектігін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама