Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты сауалнама нәтижесін жариялады
Бұны президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов бүгінгі брифингте айтты. Маманның сөзінше, мемлекет басшысы референдум туралы жариялаған бойда институт мамырдың 9-ы мен 12-сі аралығында телефон арқылы әлеуметтік сауалнама жүргізген. Сөйтіп қазақстандықтардың конституциялық реформалар мен референдумға көзқарасын білген.
Оған елорда мен Алматы, Шымкент қалаларынан және 17 облыстан 1200 респондент қатысты. Жүргізген сауалнамамыздың қорытындысы бойынша, референдумға бүкіл халықтың 66,4%-ы қатысқысы келеді. Заң бойынша сайлаушылардың 50%-ынан артығы қатысса референдум өткен болып есептеледі, – дейді Тұқымов.
Оның айтуынша, жалпы қазақстандықтардың 70%-ы жалпыхалықтық референдум туралы естіген. Ал Тоқаевтың референдум өткізу туралы бастамасын 76,4% қазақстандық қолдайды. Тек 15,4%-ы қарсылық танытса, 8,2%-ы әлі шешім қабылдамаған.
Тарихта үшінші рет: Тоқаев 5 маусымда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Қазақстанда саяси жүйе түбірімен өзгереді – мемлекет басшысы. Референдум: Кімдер және қалай қатыса алады. Қаржы министрі республикалық референдум өткізуге қанша қаражат жұмсалатынын айтты. Референдум: Конституцияға 56 түзету, бюллетеньде бір ғана сұрақ. «Қазба байлықтан келген пайданы әр азаматтың есепшотына түсіруге болады»: заңгер референдум туралы.