×

Референдум: Кімдер және қалай қатыса алады

Орталық референдум комиссиясы үндеу жасады

 Қымбат Елтайқызы 07.05.2022 | 10:00
коллаж: Halyq Uni

Биылғы 5 маусымда елімізде Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өтеді. Осыған орай, Орталық референдум комиссиясы саяси науқанға кімдер, қалай қатыса алатынын түсіндірді.

«Егер сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматы болсаңыз, сіздің 2022 жылғы 5 маусымға белгіленген Қазақстан Конституциясына түзетулер бойынша республикалық референдумға қатысуыңызға құқықтық негіз бар. Сіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміне енгізілуіңіз референдумға қатысу конституциялық құқығыңыздың іске асуының кепілі саналады», – дейді ОРК.

Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тізімді сіздің дауыс беруге арналған нақты учаске аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрақты тіркеуіңіз негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар тізімге берілген өтініш негізінде енгізіледі. Дауыс беруге арналған учаскелер тиісті әкімдердің шешімдерімен құрылады. Олардың шекаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Өз учаскеңізді, тізімге енгізілгеніңізді жергілікті атқарушы органға хабарласып, тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда, әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз, деп толықтырды комиссия.

2022 жылғы 20 мамырдан бастап өз учаскеңізде республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміндегі өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, дереу учаскелік референдум комиссиясына жүгіне аласыз, – деді ведомство.

Бұған қоса, қазақстандықтарға референдум тізіміне енгені туралы хабарлама SMS арқылы жіберілетіні белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушылардың тізімге еніп-енбегенін тексеру үшін жаппай SMS-хабарлама жіберу жоспарланып отыр. Референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізімін әкімдіктер жасайды. Уақытша тіркеуде тұрған азаматтар референдумға қатысқысы келсе, әкімдікке өтініш беруі қажет. Сол өтініш негізінде тізімге енгізіледі. Референдумға байланысты 51 елде сайлау учаскелері ашылады.

Жуырда Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды. Бұл референдум саяси жүйені жаңғырта ала ма – Ұлттық кеңес президент шешімі жайлы айтты. Референдум қашан өтеді – Орталық сайлау комиссиясы жауап берді. Сенат референдум туралы заң жобасын кері қайтарды. Енді Елбасы мәртебесін референдум арқылы өзгертуге болады. Тоқаев конституциялық реформа не үшін қажет екенін түсіндірді. Тарихта үшінші рет: Президент 5 маусымда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Қазақстанда саяси жүйе түбірімен өзгереді - президент. Тоқаевтан екінші Елбасы жасаудың қажеті жоқ - сенатор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама