×

«Ақша жинайды»: министр Шәріпханов жала жапқандарға жауап берді

Бүгінде тексеріс жүріп жатыр

 Дәурен Ерболат 03.10.2023 | 12:25
фото: Halyq Uni

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов бұрынғы азаматтық қорғау қызметкері Зуялхан Гасановтың ақша жинайды деген мәлімдемесіне түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Иә, мұндай жағдай болды. Кеше біз оған жауап бердік. Менің ұстанымым – адал өмір сүру, еңбек ету. Сондықтан өтініште көрсетілген деректер болмаған. Бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, біз ашықпыз.

Бұл туралы мен жұмысқа кіріскенде айтқанмын. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тығыз жұмыс істейміз. Бұл жағдайда тексеру жүргіздік. Мұндай фактілер анықталған жағдайда шаралар қабылданады», - деді Сырым Шәріпханов Үкіметтің баспасөз қызметінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін бұрынғы азаматтық қорғау қызметкері Зуялхан Гасанов министр Сырым Шәріпхановқа Түркістан облысының құтқарушыларынан ақша жиналғанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама