×

Атырауда әкімді жамандаған қоғамдық қор басшысы қомақты айыппұл арқалады

Ол әкімді жалған ақпарат таратып, этикалық нормаларды сақтамады деп айыптаған

 Еркеғали Болатұлы 07.09.2023 | 10:57
фото: Halyq Uni

Атырауда Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұхановты қаралаған белсенді айыппұл арқалады.

Толығырақ айтқанда, Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов қоғам белсендісіне қарсы өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығару жөнінде талап-арыз берген.

Нәтижесінде сот қоғам белсендісін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы 2-бөлігі («Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жала жабу») бойынша кінәлі деп танып, 434 700 теңге айыппұл салды.

Еске сала кетсек, «AQIQAT» қоғамдық қорының басшысы әлеуметтік желілерде жазба жариялап, онда Қызылқоға ауданының әкімін жалған ақпарат таратып, этикалық нормаларды сақтамады деп айыптаған болатын. Онысы жала болып шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама