Halyq Uni логотип
×

БАҚ-та Үлкен ауылына АЭС салу туралы бұрмаланған ақпарат тарап жатыр – министр

Нысан құрылысын бастау үшін ауқымды жұмыс жүргізу керек

 Дәурен Ерболат 01.09.2023 | 10:50
БАҚ-та Үлкен ауылына АЭС салу туралы бұрмаланған ақпарат тарап жатыр – министр
фото: Ертай Сарбасов

Алматы облысы Үлкен аулының тұрғындары атом электр станциясын елді мекенде орналастыруға ғана рұқсат берді. Алайда БАҚ-та бұрмаланған ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Біз БАҚ-та бұрмаланған ақпарат тарап жатқанын байқап отырмыз. Үлкен ауылында АЭС салуға қатысты тыңдау өтіп, нәтижесінде тұрғындар атом электр станциясын салуды қолдап, соңғы шешімін айтты деген. Бұған түсінік беру керек. Біз Қазақстан азаматтары ретінде Үлкен ауылының тұрғындарының пікірін құрметтейміз. Олар (АЭС-ті) орналастыруға келісімін берді, енді осы жерде атом электр станциясын саламыз деген мәселе жоқ.

(АЭС-құрылысын бастау үшін, – автор) кешенді процедура жүргізу керек: халықаралық талаптарға және Қазақстан заңына байланысты. Процедура енді басталып жатыр», - деді министр журналистерге, Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында.

Бұған дейін Үлкен ауылы тұрғындарының АЭС салуды қолдағаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама