Ресей елшілігі даулы мәлімдеме жасаған бас консулдың қызметінен неге кеткенін түсіндірді
Евгений Бобров Ресейдің Қазақстандағы бас консулы болып 2018 жылдың қазан айында тағайындалды
Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Евгений Бобровтың не үшін қызметінен кеткенін түсіндірді.
Еске салайық, Евгений Бобров 23 тамызда ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұқбатында Қазақстандағы орыстілді сыныптардың азайғанын айтып, бұған Қазақстанның оқу-ағарту министрлігін айыптаған еді.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Қазақстандағы бас консулы Евгений Бобровтың 25 тамыздан бастап қызметінен босатылғанын мәлімдеді.
РФ елшілігі Евгений Бобров қызметінен кетуін ТАСС агенттігіне берген сұқбаты үшін емес, жоспарлы миссиясының аяқталуына байланысты екенін хабарлады.
Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының бас консулы Евгений Бобровтың РФ мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес жоспарлы миссиясы аяқталды, - деді елшілік.
Евгений Бобров Ресейдің Қазақстандағы бас консулы болып 2018 жылдың қазан айында тағайындалды. Содан бері Қазақстанда 5 жылға жуық уақыт қызмет атқарды.