Иран генералы елдегі ереуілге 20 елді айыптады

Дастан Жұмабекұлы

Батыс елдері мен Израиль демонстранттарды қолдады деп айыпталды

фото: ашық дереккөз

Иран Ислам революциясы Сақшылары корпусы барлау ұйымының басшысы, бригада генералы Мохаммад Козими былтыр күзден бері болған елдегі жаппай ереуілге 20 елді айыптады.

Бұл туралы ол «Jamaran» агенттігіне берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, 20-ға жуық елдің арнайы қызметі Иранда былтыр күз-қыс айларында болған тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға белсене атсалысты.

2022 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында Иранда жаппай наразылықтар мен ереуіл болды. Оқиға полиция тұтқындаған ирандық студент Махси Амини қайтыс болғаннан кейін ушығып кеткен еді. Сол кезде Иран билігі Батыс елдері мен Израильді демонстрацияны қолдады деп айыптаған болатын.