Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2022 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алмағанда командадан кететін едім деп айтты.
Лионель Мессиге былтырғы әлем чемпионаты ұнаған екен. Сол себептен ол теңбіл доп додасында әлем чемпионы атағын ұтып алмағанда құрамадан кететінін жасырмай жүрген.
Маған Катардағы әлем чемпионаты өте ұнады. Егер мен әлем чемпионы болмасам, бұл менің соңғы чемпионатым болар еді. Мен клубтық деңгейде барлық жүлдені ұттым. Әлем чемпионы атанбағанда маған бірдеңе жетіспей тұратын еді, – деді ол.
Енді оның айтуынша, ол әлем чемпионы бола тұра, құрамадан кете алмайды.
Мен осының бәрінен ләззәт алуым керек. Алтын жүлде жаныма тыныштық сыйлайды, – деді Месси.
Жақында Месси Қытайдың Бейжің қаласында Аргентина құрамасының Австралия командасы жолдастық кездесуде матчтың 1 минуты 19 секундында мансабындағы ең жылдам гол салған болатын.
Бұл гол шабуылшының ұлттық құраманың сапындағы 103-голы болды.
Матч басталысымен Месси айып алаңының жанында пас алып, бір қорғаушыны алдап, қақпаны дәл көздеді. Ал ойынның өзі 2:0 есебімен аяқталды.