×

Месси мансабындағы ең жылдам голды салды (видео)

Шабуылшы матчтың 1 минут 19 секундында қақпаны алыстан дәл кездеді

 Дастан Жұмабекұлы 16.06.2023 | 10:12
фото: ашық дереккөз

Қытайдың Бейжің қаласында Аргентина құрамасы мен Австралия командасы жолдастық кездесу өткізді.

Осы матчта аргентиналық шабуылшы Лионель Месси кездесудің 1 минут 19 секундында голдың авторы атанды. Осылайша, ол мансабындағы ең жылдам голды салды. Бұл гол шабуылшының ұлттық құраманың сапындағы 103-голы болды.

Матч басталысымен Месси айып алаңының жанында пас алып, бір қорғаушыны алдап, қақпаны дәл көздеді. Ал ойынның өзі 2:0 есебімен аяқталды. Аргентина құрамасында екінші допты 68-минутта Песселья соқты.

Енді Аргентина 19 маусымда Индонезиямен жолдастық кездесу өткізеді.  

Бұған дейін Месси ең жылдам голын (2 минут 7 секунд) 2018 жылы Чемпиондар лигасында «Челсиге» қарсы ойында салған болатын.

Енді Месси матчтың  бірінші минутында гол салса, 90 минуттың бәрінде доп соққан ойыншы атанады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама