Қазақ ұлттық аграрлық университетін тексеру керек – Мәжіліс депутаты

Дастан Жұмабекұлы

«Түйені түгімен жұтатындардың» заманы өтті, – деді ол

фото: ашық дереккөз

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің мүлкіне байланысты тексеру жүргізу керектігін айтты.

Айта кетсек, енді AMANAT партиясының жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне тексеру жүргізеді.

«Түйені түгімен жұтатындардың» заманы өтті. Олардың атын атап, түрін түстеп, шындықты халықтың алдына шығару керек, – деді ол.

Депутаттың айтуынша, тексеру қорытындысы бойынша тиісті органдармен бірлесіп, мүлікті қайтару жөнінде жұмыс істеледі.