×

Қоңқабаев Жалоловпен жекпе-жекке қатысты ойын айтты (ВИДЕО)

Жаттықтырушылардың тактикасын орындай алмадым, - деді боксшы

 Дастан Жұмабекұлы 11.05.2023 | 10:07
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында аса ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалда Өзбекстанның өкілі Баходир Жалоловтан жеңілгеннен кейін жекпе-жекке қатысты ойын айтты.

Бұл айқас 5:0 есебімен өзбек боксшының пайдасына шешілді. Ал Қамшыбек екі ескерту алды. 

Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Біріншіден, қолдап келе жатқан жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Бапкерлеріме алғыс айтамын. Өздеріңіз көрдіңіздер, оңай жекпе-жек болған жоқ. Ол – талай жерде жұдырықтасып келе жатқан бұрынғы қарсыласым. Ағайлардың қойған тактикасын орындауым кішкене ойдан шықпады. Орындай алмадым десе де болады. Енді қателікпен жұмыс жасаймыз. Алда шаршы алаңға мықты болып оралып, қазақтың көк байрағын желбіретемін деген сенімдемін. Жеңісте де, жеңілісте де бірге болыңыздар! Алға, Қазақстан! – деді боксшы. 

Айта кетсек, кеше әлем чемпионатында 5 былғары қолғап шеберіміз жартылай финалға шыққан еді.

Бүгін –  боксшыларда демалыс күні. Ертең ұлттық құрамалардан ½ финалға шыққан боксшылар қайта шаршы алаңға көтеріледі. Ал бүгін Қазақстан ұлттық құрамасынан Асыланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (71 кг), Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Дулат Бекбауов (67 кг) жартылай финалға жолдама алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама