Олармен доп тепкенше, Ресейдің екі құрамасын кездестіріп, ойнату керек, – деді ол
Мәскеудің «Димнамо» клубының экс-шабуылшысы Игорь Колыванов Ресей ұлттық құрамасының Орталық Азия футбол қауымдастығының чемпионатына қатысудан бас тартқанына қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, Ресей құрамасы «бұзақылар жиналған командалармен» ойнаудан шаршаған. Бұл елдердің командаларымен ойнағанша, мүлде ойнамау керек екен.
Шынын айтқанда, Ресей Футбол одағының Орталық Азия қауымдастығы чемпионатына қатысты шешімі дұрыс па, бұрыс па, маған бәрібір. Егер қатысудан бас тартса, онда солай болу керек шығар. Бұл енді балабақша болып тұр. Басқаша айта алмаймын. Біздің футболшылардың өздеріне Орталық Азия командаларымен ойнау қызықсыз. Ресей құрамасы осындай «шпаналармен» ойнаудан шаршады. Тіпті, ойнаудың өзі күлкілі. Мұндай жағдайда мүлде халықаралық матчтарда ойнамау керек. Олармен доп тепкенше, Ресейдің екі құрамасын кездестіріп, ойнату керек, – деді ол.
Еске сала кетсек, Ресей Футбол одағы Орталық Азия қауымдастығының тұңғыш чемпионатына қатысудан бас тартқан болатын. Олар мұндай шешімді ұлттық құраманың жаттықтырушылар кеңесі қабылдады деп мәлімдеді.
Ресей ұлттық құрамасының жаттықтырушылар кеңесі Орталық Азия чемпионатына қатысудан бас тартты. Себебі Ресей чемпионатындағы матчтар мен ел кубогының суперфиналы Орталық Азия қауымдастығы ұйымдастыратын турнирмен тұспа-тұс келіп отыр. Сол себепті Ресей жарысқа қатыса алмайды, – делінген РФ Футбол одағынының хабарламасында.
Еске сала кетсек, Орталық Азия Футбол қауымдастығының (CAFA) тұңғыш чемпионаты 9-21 маусым аралығында Ташкент пен Бішкекте өткізіледі. Оған Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан мен Ауғанстан елдерінің ұлттық құрамалары қатысады.
Топтардың жеңімпаздары финалда кездеседі. Ал өз квартетінде екінші болған командалар қола жүлдені өзара сарапқа салады. Бұл екі финалдық матч та Ташкентте болады.