Станислав Черчесов ұлттық құраманың ойынын бағалады
Венгрияның «Ференцварош» клубының жаттықтырушысы Станислав Черчесов футболдан 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысып жатқан Қазақстан мен Дания құрамаларының ойнындағы есептің нәтижесіне баға берді. Ол еліміздің бас командасының жеңісін сенсациялық жеңіс деп бағалады. Сонымен бірге Черчесов Қазақстанның жеңісі көбіне-көп ұлттық құраманың бас жаттықтырушы Магомед Адиевтің арқасында болғанын жасырмады.
Адиевтің Қазақстанда қалай еңбек етіп жатқанын көріп жүрмін. Біз ұта алмаған Данияны жеңгендеріне қуаныштымын (Еуро-2020 турниріне іріктеуде Черчесов жаттықтырған Ресей құрамасы Даниядан 1:4 есебімен ұтылған еді, - ред.). Магомед Ресейдің футбол мектебін шетелде лайықты деңгейде көрсетіп жүр. Құраманы жаттықтыру – кез келген жаттықтырушы үшін үлкен абырой. Бұл жағынан менің жолым болды. Мен бірнеше жыл өз елімнің құрамасын жаттықтырдым, – деді Черчесов.
Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 26 наурызда «Астана Арена» стадионында Дания командасын 3:2 есебімен жеңген болатын.