Лукашенко Ресей Қорғаныс министрі Шойгуға өтініш айтты

Дастан Жұмабекұлы

Беларусьті өз жеріміз деп санаңыздар, – деді ол

фото: NEXTA Live

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесіп, елдің қауіпсіздігі үшін алаңдап отырғанын айтып, соған байланысты одақтасынан кепілдік сұрады.

Сіздер батыс мемлекеттерінің барлық келісімдерді аяққа таптап, барлық құжаттардың күл-талқанын шығарғандарын жақсы білесіздер ғой. Сол себепті, мен өз елімнің болашағына, ұлттық қауіпсіздігіне алаңдап отырмын. Сондықтан мен сіздерден елдің қауіпсіздігі үшін кепілдік сұраймын. Алда-жалда соғыс бола қалса, Беларустьті өз жеріміз деп санаңыздар, – деді ол.

Сондай-ақ ол Беларусьтің қауіпсіздігі туралы мәселені Ресей президентіне айтқанын, Путиннің барлық жағдайдан хабардар екенін атап өтті.