Halyq Uni логотип
×

Желіде қылмыскерлердің қатаң жаза алуы талап етіліп жатыр (ВИДЕО)

Резонанс туғызған оқиғаға жауап келді

 Дастан Жұмабекұлы 08.04.2023 | 18:00
Желіде қылмыскерлердің қатаң жаза алуы талап етіліп жатыр (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Facebook-те Марат Сәрсенбай есімді азамат жантүршігерлік қылмыстың видеосы мен оған байланысты Қызылорда облыстық полиция департаментінің таратқан хабарын жариялады.

Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі бұл Қазалы ауданынан келген жігіттің жай құлап қалғанын, қазір оның жағдайы қанағаттанарлық деп мәлімдеді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасынан полиция қызметкерлерінің салғырттығы фактісі бойынша шара қолдануды сұраймыз. Қызылорда облыстық полиция департаменті жалған ақпарат тарата бастады. Олар бұл қылмысты жасырғысы келіп не істемек? Ақшаға сатылған ба? Қылмысқа мемлекеттік қызметкер баласының қатысы бар ма? Қылмыс неге жабулы қазан күйінде қалуы керек? – деп ол ашына жазады.

Осы оқиғаға байланысты әлеуметтік желіні қолданушылар қылмыстық істің заң аясында әділ тергеліп, қылмыскерлердің қатаң жаза алуын талап етті. Соның ішінде Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса @egovpress-та шыққан видеоға байланысты бас прокурор Берік Асылов пен Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтан қылмыскерлердің қатаң жаза алуын талап ететінін айтты.

Постқа біраз адамдармен бірге бізді де белгілегесін, бұл жауыздықты түсірген @egovpress видеоны көріп, біздің де жанымыз шошыды.

Тобырлар топырлап тепкілеп жатқан бозбала біз секілді біреудің әлпештеп өсірген баласы емес пе? Бұндай ауыр қылмысты Қызылорда облыстық полиция департаменті , Қазалы аудандық полиция бөлімдері неге жасырады?

Егер жауыздыққа ұшырап жатқан өлмелі күйдегі бозбала сіздердің, не бір шенеуніктің баласы болса, не болар еді? Керісінше, қылмыс жасап жатқандардың сіздерге қатысы бар ма?

Әлде жауыздыққа ұшыраған жанды қорқыту-үркіту арқылы арыз жаздырмай қойса, іс біттіге санала ма біздің полицияда?!

ҚР Бас прокуратурасы , Бас прокурор Б.Асылов мырза, ҚР ҚР Ішкі істер министрлігі, министр М.Ахметжанов мырза сіздерден қылмыстық іс заң аясында әділ тергеліп, қылмыскерлер қатаң жазасын алуын талап етеміз!, –  деді ол.

Осыдан кейін видеоны жариялаған Марат Сәрсенбай резонанс туғызған оқиғаға байланысты Қызылорда облыстық полиция департаментінің жауап бергенін жазды.

Қызылорда ПД қосымша тексеру және әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу нәтижесінде, бейнероликте көрсетілген кәмелетке толмаған баланы екі жасөспірім ұрып-соққандығы анықталып, Қазалы ауданы полиция бөлімінің сотқа дейiнгi тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабының 2 бөлігімен (бұзақылық) тіркеліп, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Полиция бөліміне күдікті тұлғалар жеткізілді, – деп полицияның жауабын жазды ол.

Қазір қолда бар дерекке қарағанда тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама