×

Ердоған Израильдің Әл-Ақса мешітіне шабуылын айыптады (ВИДЕО)

Түркия Палестинаны қолдайды, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 07.04.2023 | 15:49
фото: ашық дереккөз

Түркия президенті Режеп-Тайып Ердоған Израиль билігінен Әл-Ақса мешітіне шабуылды тез арада доғаруды талап етті. Ол мұсылмандардың Иерусалимдегі қасиетті жеріне шабуылды террористік акт деп айыптады.

Мен әуелі Рамазан айында Әл-Ақса мешітінде Израиль полициясының террорлық шабуылына ұшыраған Палестина мұсылмандарын қажет жағдай бола қалса бар жан-тәніммен қолдайтынымды айтқым келеді.  Түркия мұндай опасыздықты көре тұра ешқашан үнсіз қалмайды. Әл-Ақса мешітіне шабуылды шыдамның шегіне жету деп білемін. Иерусалимді кеудесіне оқ тосып, қорғап келе жатқан палестиндік бауырларымыз ешқашан жалғыз қалмайды. Біз оларды жалғыз қалдырмаймыз. Мен өз елімнің және халқымның атынан Израильдің арам ойы мен жымысқы әрекетін оңбағандық деп айтамын!  Мұсылмандардың алғашқы Қағбасын қорғап жатқан палестиндіктерге шабуылды тез арада доғаруды талап етемін! – деді ол.

Бұған дейін хабарланғандай, сейсенбі күні Израиль қарулы күштері Иерусалим қаласындағы Әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кіріп, намазға жығылған адамдарға оқ жаудырған. Соның салдарынан ондаған палестиналық жарақат алды.

WAFA агенттігінің хабарлауынша, Израиль қарулы күштері намазханасына басып кіріп, ондағы палестиналықтарға гранаталар лақтырып, улы газ сеуіп, резеңке оқпен атып, шабуыл жасаған. 

Израиль қауіпсіздік күштері мылтық қаруын да қолданған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама