Жәнібек Әлімханұлы чемпиондыққа қатысты мәлімдеме жасады

Дастан Жұмабекұлы

Жекпе-жек 12 раундқа созылады

фото: ашық дереккөз

Бокстан орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионында қалған үш белбеуді жеңіп алатынын айтты.

Vesti.kz-тің дерегіне қарағанда, 13 мамырда Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Стоктон-Аренада» канадалық Стивен Батлермен жекпе-жек өткізеді.

Менде бір титул бар. Енді маған тағы үшеуі керек. Иншааллаһ, мен барлық титулды аламын! – деді ол.

Жекпе-жек 12 раундқа созылады. Бұл айқаста Жәнібекке тиесілі WBO белбеуі сарапқа салынады.