Ресей мен Қытай әскери одақ құрып жатыр ма? – Путин жауап берді

Еркеғали Болатұлы

Ол жерде ешқандай құпия жоқ, - деді РФ президенті

фото: chinarussia.info

РФ президенті Владимир Путин Ресейдің Қытаймен ешқандай әскери одақ құрып жатпағанын мәлімдеді.

«Россия 24» арнасына берген сұхбатында ол «Мәскеу мен Бейжің бірлесіп, Батысқа қауіп төндіріп тұр» деген қауесетті жоққа шығарды.

Бұның бәрі шындыққа жанаспайды. Себебі біз Қытаймен ешқандай әскери одақ құрып жатқын жоқпыз, - деді Владимир Путин.

Сондай-ақ ол Қытаймен әскери саладағы ынтымақтастық байланыс бар екенін растады.

Иә, бізде әскери-техникалық салада ынтымақтастық бар. Оны жасырмаймыз, барлығы ашық. Ол жерде ешқандай құпия жоқ, - деді РФ президенті.

Бүгінде Ресей мен Қытай бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізіп тұрады. Путиннің айтуынша, ондай шараларды олар басқа елдермен де ұйымдастырып келеді. Саяси астары жоқ.