×

«Қазақстан авиациясы көп ұзамай Еуропаның қара тізіміне енеді» - сарапшы пікірі

2016 жылдың желтоқсанында қазақстандық әуе компаниялардың Еуропаға ұшуына қатысты шектеу алынған

 Айнұр Шошаева 31.03.2022 | 10:50
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) Орталық хатшылығында жұмыс істеген алғашқы және әзірге жалғыз қазақ, авиация сарапшысы Абыл Кекілбаев Halyq Uni тілшісіне сұқбат беріп, авиация саласындағы бірқатар мәселені көтерді.

Ол авиациядағы лоббизм, субсидия мен кадр тапшылығы туралы айтып, Қазақстан авиациясы көп ұзамай Еуропаның «қара тізіміне» қайта енетінін жеткізді.

«Соңғы жазбамда «қара тізім» мәселесін көтердім. Оны көбісі түсінбейтін шығар. Азаматтық авиация саласында жүрген адамдар «Қазақстан көп ұзамай Еуропаның қара тізіміне кіреді» деп күтіп отыр. Оған бірнеше себеп бар. 2017 жылдан бері ағылшын моделі деген ұғым енгізілді. Оны британ моделі деп атап жүр. Оның мүлде британдық модель емес екеніне көзім жетті», - деді ол.

Еске салайық, 2009 жылы Еуропалық комиссияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитеті қазақстандық авиатасымалдаушыларды «қара  тізімге» енгізу туралы  шешім қабылдады.

2016 жылдың желтоқсанында Еурокомиссия ресми түрде қазақстандық әуе компаниялардың Еуропаға ұшуына қатысты шектеуді алып тастап, отандық компаниялар «қара тізімнен» шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама