«Бізде жастардың білімді болуына рұқсат етпейді». Ауған азаматы Қазақстандағы білім деңгейіне баға берді

Наима Нұрәлі

Мохаммад Навид Баят Қазақстан азаматтығын алғысы келетінін айтты

Назарбаев университетінде зерттеуші болып жүрген ауған азаматы Мохаммад Навид Баят қазіргі Ауғанстан билігіне келген тәліптердің білімсіз екенін айтып, не үшін ондағы жастардың білімді болуына рұқсат бермейтінін түсіндіріп берді.

«Олар – білімсіз. "Біз білмейміз, сондықтан сендер де оқымайсыңдар" дейді. Сондай түсінік бар. Ауғанстандағы қыздар мектепте оқи алмайды. Балалар сауда-саттықта жүреді. Егер олар жұмыс істемесе, отбасын аштан өлтіреді. Магистратура бітіргендер бар, соған қарамастан азық-түлік саласында жұмыс істеп жүр. Обал ғой. Қыздар көшеде жалғыз жүрсе – басынан аяғына дейін орынбаса, зорлайды, ұрсады. Қыздар көшеде емін-еркін жүре алмайды, қорқады. Бір бауырым доктарантура бітірген, екіншісі – магистр. Бірақ өздеріне ұнамайтын жұмысты істеуге мәжбүр болып отыр. Тәліптер өзгерген сыңай танытады. Алайда өзгерген жоқ. Адам қашан өзгереді? Білім алса өзгереді. Бірақ оларда білім жоқ. Тек автомат ұстағанды ғана біледі», - деді Мохаммад Навид Баят.

Одан бөлек, Назарбаев университетінің қызметкер Мохаммад Навид Баят Қазақстандағы білім деңгейі, қазақ жастарының еркіндігі жайлы әңгімелеп берді.