Біз үшін 2023 жыл жеңістің жылы болады деп үміттенеміз, - деді ол
Украина президенті Владимир Зеленский Киевте АҚШ президенті Джо Байденмен келіссөздің өте жемісті болғанын мәлімдеді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина басшысы Ақ үй иесімен екі жақты әңгіменің «өте жемісті» және «аса маңызды» болғанына ризашылық білдіріп, енді оның нәтижесінің ұрыс даласына әсері көп болатынын атап өтті.
Біз үшін 2023 жыл жеңістің жылы болады деп үміттенеміз, – деді ол.
Сондай-ақ Зеленский «бұл тарихи шайқастағы жеңістің» демократиялық әлемді жалғастыруға қажетті мүмкіндіктің бәрін жасайтынын айтты.
Оның айтуынша, Украина қазір өте қиын кезеңді бастан кешіп жатыр. Бірақ АҚШ пен басқа әлемнің көмегі арқасында «тарихи жетістікке» жетеді. Бұл жолғы келіссөз өте жемісті және аса маңызды және барынша шешуші болған көрінеді.
Ал АҚШ президенті Джо Байден Киевке сапарында Құрама Штаттар атынан 500 млн доллар тұратын әскери көмектің жаңа пакеті берілетінін және Ресейге агрессиясы үшін қосымша санкциялар жасалғалы жатқанын мәлімдеген.
Сонымен бірге, кеше Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Украинаға 5,5 млрд доллар көлемінде қаржылай қолдаудың жаңа пакеті ұсынылғанын жариялады.