×

Өзбекстан Луганск пен Донецк халық республикаларын мойындамайды – ресми мәлімдеме

Көрші елдің сыртқы істер министрі мәлімдеме жасады

 Ербол Тұрымбет 17.03.2022 | 13:00
Абдулазиз Камилов, фото: nm.tj

Өзбектанның cыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Өлий Мәжілістің 24-пленарлық отырысында осылай мәлімдеді.

Украинадағы қақтығыс туралы сөйлеген Камилов бұл жағдайдың Өзбекстанды да айтарлықтай алаңдатып отырғанын айтты. Осы мәселеде Өзбекстан жағдайдың бейбіт жолмен шешілуіне және қақтығысты дипломатиялық әдістермен орнықтыруға мүдделі екенін атап өтті. Ол үшін, алдымен әскери қимылдар әрі зорлық-зомбылық дереу тоқтатылуға тиістігін жеткізді. 

Ал Луганск пен Донецк халық республикаларына барғанда дипломат елдің ұстанымын анық білдіріпті.

Біз Украинаның егемендігі, тәуелсіздігі және территориялық тұтастығын қолдаймыз. Ал Луганск әрі Донецк республикаларын мойындамаймыз, – деді Өзбекстан министрі.

Бұған дейін ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев та Қазақстанның ДХР және ЛХР тәуелсіздігін тану мәселесін қарастырмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан тек БҰҰ мақұлдаған мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама