×

НАТО сарапшылары 10 жылда Ресейдің ыдырайтынын айтты

Бұл соғыстың соққысы бүкіл елге бумеранг болып қатты тиеді

 Дастан Жұмабекұлы 11.01.2023 | 10:01
фото: ашық дереккөз

НАТО сарапшылары алдағы 10 жылда Ресей Федерациясының бірнеше мемлекетке бөлініп, тарап кететініне болжам жасады. Бұл туралы The Moscow Mews хабарлады.

«Ресейді таяудағы жылдарда тарау немесе әлсіз мемлекетке айналу тағдыры күтіп тұр». Солтүстік альянстың сыртқы саясат жөніндегі сарапшыларының басым бөлігі осындай тұжырымға тоқталды. Сауалнаманы НАТО жанындағы талдама орталығы – Atlantic Council жүргізді.

Сауалнамаға қатысқан 167 сарапшының 46 пайызы Ресейдің мемлекет ретіндегі коллапсы немесе дезинтеграциясы оның 2033 жылға қарай көптеген ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетуіне апарып соқтыратынына болжам жасады, – делінген материалда.

Респонденттердің 40 пайызы Ресейдің ыдырау ықтималдылығына революция, азамат соғысы немесе саяси дезинтеграция себеп болатынын атап көрсеткен.

«Ресейді апат жолына оның Украинаға қарсы соғысы түсіріп отыр», – деп ашып айтты зерттеу нәтижесіне түсіндірме берген Atlantic Council орталығы басшысының орынбасары Питер Энгельке.

«Украина Ресейдің ішкі проблемаларының бәрінің кескінін айқын ашып берді. Енді бұл соғыстың соққысы басшылыққа (ресейлік) ғана емес, сонымен қатар тұтастай алғанда бүкіл елге де бумеранг болып қатты тиетінін де білдіріп отыр», – деді ол.

Батыс шенеуніктерінің айтуынша, Украинаға басып кіруі Ресейді айтарлықтай әлсіреуге апарып жеткізді. Санкциялар салдарынан жоғары технологиялы тауарлар жеткізілуінің күрт тоқтатылуы елдің экономикасына қатты соққы болып тиіп, оны кемінде 10 жылға кейінге лақтырып тастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама