«Қазақстан екі тарапты да жақтамайды»: Қорғаныс вице-министрі Ресей-Украина жайлы
Ведомство баспасөз қызметі қазақстандық әскери қызметшілер мен әскери техниканы Украинаға жіберу туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне Ресей-Украина арасындағы соғысқа қатысты пікір білдіріп, Қазақстан екі тарапты да жақтамайтынын, бейратап ұстанымда екенін жеткізді.
Украина мен Ресей арасындағы соғыстың Қазақстанға еш қатысы жоқ. Біз екі тарапты да жақтамаймыз, - депті вице-министр.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігінің баспаөз қызметі қазақстандық әскери қызметшілер мен әскери техниканы Украинаға жіберу туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Айтуынша, Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Қарулы күштерінің әскери контингентін жіберу туралы шешімді Мемлекет басшысының тиісті ұсынысы негізінде Парламент қабылдайды. Парламенттің тиісті қаулысы қабылданғанға дейін Қорғаныс министрлігінің әскери контингентті қандай да бір мемлекетке жіберуге өкілеттілігі жоқ.
Ведомство жауабында Қорғаныс министрлігі аталған мәселе бойынша (іскер жіберу) келіссөздер жүргізіп жатпағаны айтылған.