18 қарашада ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты сот процесі басталды
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрағына жауап берді. Журналист Мәсімовке қатысты іс қозғалғанын айтып, оның артында кім тұруы мүмкін екенін сұрады.
«Бұл мені де қызықтырады. Мен де сот тергеуінің аяқталуын күтіп жүрмін. Не себеп болғаны, артында кім тұрғанын айту қиын. Мәсімов көп жыл менімен жұмыс істеді. Бірақ қайдан білесің? Иса Мәсіх жанында отырған Яһуди туралы білді ме? Біз құдай емеспіз ғой. Сондықтан соттың аяқталғанын күтеміз, сол арқылы шындықты білеміз деп ойлаймын», - деді Назарбаев.
Айта кетейік, 18 қарашада Астанада ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты сот процесі басталды.
Оған қатысты іс «аса құпия» деген белгімен қаралып жатыр.
6 қаңтарда ҰҚК отанға опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изолтяторына қамалды.
25 тамызда Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды.