×

Астанада Кәрім Мәсімовтің соты басталды

Оған қатысты іс «аса құпия» деген белгімен қаралып жатыр

 Халық үні 18.11.2022 | 20:13
Фото: abai.kz

Астанада ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты сот процесі басталды.

Бұл  туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 2022 жылғы 18 қарашада Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды, - делінген хабарламада.

Оған қатысты іс «аса құпия» деген белгімен қаралып жатыр.

6 қаңтарда ҰҚК отанға опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изолтяторына қамалды.

25 тамызда Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды.

Алдында Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов ҰҚК-нің бұрынғы басшысы 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама