Бұл сайлау Қазақстанның кейінгі тағдырын шешеді – Смағұл Елубай

Дастан Жұмабекұлы

Үлкен бір саяси асудан асқалы тұрмыз, - деді ол

фото: martebe.kz

Жазушы Смағұл Елубай 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауына қатысты тағы да пікір білдірді.

«Аlmaty» телеарнасына берген сұхбатында ол үш аптадан кейін еліміздің үлкен саяси асудан асқалы тұрғанын айтты.

Құрметті ағайындар, қандастар! Біз үш жетіден кейін үлкен бір саяси асудан асқалы тұрмыз. Яғни, әрі қарай 7 жыл Қазақстанды басқаратын президентті өз қолымызбен сайлағалы тұрмыз. Бұл, шынтуайтына келгенде, тек қана келесі 7 жылдың тағдырын шешпейді. Қазақстанның жалпы бұдан кейінгі тағдырын шешуі әбден мүмкін, –  деді жазушы.

Қазір Қазақстан президенттігіне үміткерлер саяси науқанды бастап кетті. Олар ел-елде, жер-жерде үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.