Halyq Uni логотип
×

Адам саудасы проблемасын шешумен ешкім айналыспаған – Ішкі істер министрі

Елімізде жыл сайын 100-ден аса қылмыстың осы түрі тіркеледі

 Дастан Жұмабекұлы 03.11.2022 | 14:45
Адам саудасы проблемасын шешумен ешкім айналыспаған – Ішкі істер министрі
фото: matritca.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов еліміз тәуелсіздік алған кезден бері ешкім ешқашан адам саудасы проблемасын шешумен айналыспағанын айтты. Ол адам саудасына қарсы іс-шаралар тек проблеманың салдарымен ғана күресу екенін, ал оның себебін анықтау бойынша жұмыстың әлі тиісті деңгейде жүргізілмей жатқанын атап өтті.

Министр БҰҰ деректеріне сүйене отырып, әлемде адам саудасы құрбандарының 70 пайызы әйелдер мен жас қыздар, балалар екенін жасырмады.

Өкінішке қарай, бұл мәселе Қазақстанға да қатысты. Елімізде жыл сайын осындай 100-ден аса қылмыс тіркеледі. Бұған дейін ол 300-ге жеткен. Биылғы жылдың 4 айында 30-ға жуық адам саудасы фактісі анықталды. Үш ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, – деді ол.

Министр елімізде көп жыл бойы ешкім адам саудасы проблемасын шешумен кешенді түрде айналыспағанын, мұндай қылмыстарға ықпал ететін шынайы себептер мен жағдайларға талдау жүргізілмегенін жеткізді. Сонымен қатар, қолда адам саудасының құрбандары туралы толық мәліметтің жоқтығын, адамдардың өздері полицияға келіп шағымданбайтынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама