×

Ресей Қазақстанға менсінбей қарауға үйренген – Алексей Пивоваров

Оның YouTube-тегі «Редакция» арнасы РФ-да шетел тыңшысы болып танылған

 Дастан Жұмабекұлы 26.10.2022 | 10:54
фото: ашық дереккөз

Астанада өткен «SöZ Astana Public Talk» атты жиында белгілі ресейлік журналист Алексей Пивоваров Қазақстан туралы көзқарасын білдірді.

Ол Қазақстанға келген сайын отандастарымыздың жылы қабақ танытып, адами қасиеттеріне, адамгершілігіне тәнті болып жүретінін айтты.

Мен Қазақстанды көп аралаған жоқпын. Көбінесе, Алматы мен Астанада боламын. «Байқоңыр» туралы фильм түсіргенде Қызылордада болдым. Айтайын дегенім, Қазақстан маған барлық жағынан ұнайды. Өкінішке қарай, Ресейде кейбір білімі таяз адамдар Қазақстанға менсінбей қарауға үйренген. Менің ойымша, мұндай көзқарас мүлдем болмауы керек. Мен сіздерге айтайын, Қазақстанда ой-өресі биік адамдар тұратынын қыркүйек айында көрінді. Сіздер ресейліктерге көп көмектестіңіздер. Мұнда жағдай қиын болса да кеудемізден итермей, көмек бердіңіздер. Еріктілер көмектерін аямады. Сондықтан мұның бәрі тарих болып қалады. Дос деген қиын жағдайда дос екенін көрсетеді ғой, –  деді ол.

Алексей Пивоваров туралы бірауыз сөз айтсақ, ол YouTube-тегі «Редакция» деген арнаның негізін қалаушы. Соның авторы. 48 жаста. Бұрын «НТВ», «СТС Медиа», «RTVI» телеарналарында жұиыс істеген. Оның YouTube-тегі «Редакция» деген арнасының 3,5 миллион адам көрермені бар. Биыл Ресей Әділет министрлігі «Редакцияны» «шетел тыңшысы» етіп бекітті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама