×

Бензин бағасы өзгере ме - Акциз мөлшерлемесінің артуы жайлы айтылды

Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеме жасады

 Халық үні 14.02.2022 | 16:58
фото: ашық дереккөзден

Акциз мөлшерлемесін арттыру бензин мен дизель отыны бағасына әсер етпейді. Ұлттық экономика министрлігі осылай деп мәлімдеді.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтардағы Мәжіліс отырысында берген тапсырмасын орындау үшін Ұлттық экономика министрлігі «Бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны, газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсулар қоспасы мен экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемесін бекіту туралы» үкімет қаулысы жобасын әзірледі.

Жобада мыналар көзделеді:

  • бензин, газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсулар қоспасы мен экологиялық отынды көтерме саудада өткізуге арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тонна үшін 24 435 теңгеден 38 134 теңгеге арттыру;
  • өндірушілердің дизель отынын көтерме саудада өткізуге арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тонна үшін 9 300 теңгеден 35 726 теңгеге дейін ұлғайту;
  • дизель отыны акциздерінің маусымдық өзгеруін болдырмау;
  • дизель отыны импортының тең мөлшерлемесін белгілеу;
  • дизель отынына ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын нақтылау.

Акциз мөлшерлемесін арттыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, тиісті бұйрыққа сәйкес, жанар-жағармайды бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағалар белгіленгендіктен оның бағасы өспейді. Құжаттың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама