Halyq Uni логотип
×

Биыл сегіз айда қанша нысан жекешелендірілді?

2025 жылға дейін 675 объектіні сату жоспарланып отыр

 Дәурен Ерболат 13.09.2022 | 10:55
Биыл сегіз айда қанша нысан жекешелендірілді?
Фото: inform.kz

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 8 айда мемлекет меншігіндегі 240 нысан жекешелендірілгенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

2022 жылғы 8 айда 57 млрд теңгеге 240 объект сатылды және кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. 65 объекті сатылуға қойылды. 36 объекті қайта ұйымдастырылды және таратылды. 334 объекті сатуға дайындап жатырмыз, - министр Үкімет отырысында.

Айта кетейік, осыған дейін бюджет қаржысын иегере алмай отырған министрліктер аталған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама