×

Елімізде 16 мың кәсіпкер несиесін төлей алмай жүр

Олардың жалпы қарызы – 1 трлн теңге

 Дәурен Ерболат 09.09.2022 | 11:06
фото: ОКҚ

Бүгінде 16 мың кәсіпкер банктен несие алып, оны төлей алмаған. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қазір кредит алып, төлей алмаған 16 мың кәсіпкер бар. Олардың жалпы қарызы – 1 трлн теңге, - деді Олжас Қизатов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Агенттік төрағасы бұл мәселені шешу үшін сервистік компаниялар құрылатынын, олар банктің еншілес ұйымы болатынын жеткізді.

Төленбен кредит – стресс автив болып саналады. Стрес активтер нарығының дамуы үшін жеке инвесторларға осындай қарызды сатып алуға мүмкіндік беру керек. Сондықтан біз жеке инвесторларға осы мүмкіндікті бергелі отырмыз. Алайда стресс активтің артында заемщик, яғни кредит алушы бар. Біз ол жеке инвестормен жұмыс істемеуі үшін сервистік компанияны енгіземіз. Олар банктің еншілес ұйымдары болады. Бүгінде мұдай 16 ұйым бар. Оларға стресстік активтер сенімгерлік басқаруға беріледі, - деді ол.

Оның айтуынша, стресс активтің кепілдігінде ауыл шаруашылығы жерлері, ірі өндіріс орындары бар. Оларды экономикалық айналымға енгізу керек.

«Коллекторлық агенттіктер мұндай жұмыспен айналыспайды. Сондықтан сервистік компанияларға осы функцияны береміз. Бүгінде банктер мен микроқаржылық ұйымдардың баланысында ауыл шаруашылығы жерлері мен ірі өндіріс орындары бар. Олар жұмыс істеп тұрған жоқ. Біз оларды экономикалық айналымға енгізгіміз келеді. Сондықтан проблемалық кредиттер инвесторларға сатылады», - деп түйіндеді сөзін Олжас Қизатов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама