×

Әлихан Смайылов «Атамекен» палатасына сараптама жүргізуді ұсынды

17 қаңтарда Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП төрағасы қызметінен кетті

 Айнұр Шошаева 08.02.2022 | 13:16
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына функционалдық сараптама жүргізуді ұсынды.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына, оның ішінде оның шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында функционалдық сараптама жүргізу ұсынылады», - деді Әлихан Смайылов.

Бұған қоса,Премьер министр Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау әрі дамыту бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру көзделіп отырғандығын мәлімдеді. Аталған шаралар кәсіпкерлікті және бәсекелестікті одан ары дамытуға бағытталған.

Еске салайық, 17 қаңтарда Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиум мүшелеріне үндеу жасап, қызметінен кету туралы шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама