Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің 6,8 пайызы ғана жаңа болып шықты

Еркеғали Болатұлы

Жеңіл автокөліктер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған машиналар басым

фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы маусымда елімізде 95 801 жеңіл автокөлік есепке алынған. Бұл – 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайыз аз. Ал 1 шілдедегі жағдай бойынша 3 907,2 мың автокөлік тіркеліп отыр.

Шығарылған жылы бойынша жеңіл автокөліктер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған машиналар (48,9 пайыз) басым. Ал 3-тен 7 жылға дейінгі көліктер – 6,8 пайыз.

Жеңіл автокөліктің басым бөлігі – Алматы облысында (501,5 мың), Алматы қаласында (463,7 мың) және Нұр-Сұлтан қаласында (285,4 мың). Ең азы Қызылорда облысында (97,3 мың) екен.

Жеңіл автокөліктер жанармай ретінде негізінен бензинді (86,7 пайыз) пайдаланады. Ал көлік құралдарының 9,1 пайызы аралас отынмен жүреді.