×

Павлодар мұнай өңдеу зауытынан 22 млрд теңгеден аса заңсыз табыс әшкереленді

1 тонна шикізатты өңдеу құнын 19 мыңнан 23 мың теңгеге дейін көтеріп жіберген

 Еркеғали Болатұлы 04.08.2022 | 10:04
фото: ашық дереккөз

Шикі мұнайды өңдеу жұмысын қымбаттатқан Павлодар мұнай зауытына қатысты әкімшілік іс жүргізіліп жатыр.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, зауыт 1 жыл бұрын 1 тонна шикізатты өңдеу құнын 19 мыңнан 23 мың теңгеге дейін көтеріп жіберген. Салдарынан шикізатты өңдеуге апаратын кәсіпорындар зардап шеккен. Бұл жанар-жағармай бағасының өсуіне де әсер еткен.

Департамент басшысы Бейбіт Молдабековтің айтуынша, мұнай зауыты өңдеу бағасын қымбаттату арқылы бүгінде 22 млрд теңгеден аса табыс тапқан көрінеді.

«25 шілдеде іс Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Қазір сот процесі жүріп жатыр. Егер мұнай зауытының кінәсі расталса, оған 28 млрд теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін», - дейді Бейбіт Молдабеков.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама