×

«Бұл аз»: Бақыт Сұлтанов бюджеттен экспорт үшін 54 млрд теңге сұрады

Мұнда күмәнді ештеңе жоқ, әр теңгенің тиімділігі өте жоғары дейді

 Еркеғали Болатұлы 28.06.2022 | 17:00
фото: ашық дереккөз

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандық экспортты дамытуға және ілгерілетуге сұраған 54 млрд теңге ел қазынасына үлкен табыс әкелетініне сендірді.

Журналистердің сұрағына жауап берген ол 54 млрд теңге 1 емес, 3 жылға есептелгенін түсіндірді. Олар экспорттаушыларды қолдауға, маркетингтік зерттеулерге, нарықты, өнімдер мен мамандарды дайындауға жұмсалады.

Бұл аз. Өйткені оның тиімділігі өте жоғары. Мысалы, егер өткен жылы біз шамамен 8,5 млрд теңге жұмсасақ, онда осы экспорттаушыларды ілгерілету есебінен шамамен 200, дәлірек айтқанда 178 млн доллар экспорттық келісімшарттар жасалды. Бұл жыл сайын 67 млрд теңгеге жуық экспорттаушылардың бюджетке табыс әкелуіне алып келеді. Мұнда күмәнді ештеңе жоқ. Әр теңгенің тиімділігі өте жоғары, деді министр.

Оның айтуынша, осы бағдарлама аясында Қазақстан алғаш рет Бангладешке авиацияға арналған жаттығу кешендерін жеткізе бастаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматыда кептеліс мәселесін шешу жолдары ұсынылды

Қаланың бас полицейі тұрғындар алдында есеп берді
31.03.2023 | 16:35

Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Көлік жүргізушілеріне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
31.03.2023 | 16:25

Елімізде 3 мыңнан астам жұмыскер жалақысын ала алмай жүр

Еңбек инспекторлары 241 кәсіпорынның қарызын анықтаған
31.03.2023 | 16:06

«Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алған аналарға жәрдемақы автоматты түрде беріледі

Қызмет көрсету мерзімі 7 күннен 1 жұмыс күніне дейін қысқарды
31.03.2023 | 15:58