Жолаушы 36 мың долларды Грузияға әкетпек болған

Қымбат Елтайқызы

Кезекті заңсыз әрекет әшкереленді

фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

2022 жылғы 12 маусымда «Әуежай-Шымкент» кеден бекетінің қызметкерлері «Шымкент-Кутаиси» халықаралық әуе рейсінде кедендік бақылау кезінде 36 мың доллар (15 905 240 теңге) қолма-қол ақшаны заңсыз әкетпек болған Қазақстанның А. есімді азаматын анықтап, тоқтатты. Бұл туралы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

«Азаматтың әрекетінде ӘҚБтК-нің 545-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар. Осы факт бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін іс материалдары Шымкенттің мамандандырылған әкімішілік сотына жолданды», – дейді комитет.

Атап өтсек, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы  №830 жарлығына сәйкес, Ұлттық банк әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 мың доллар баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын әрі (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.

Түркияға арзан жолдамалар беруге уәде еткен алаяқ ұсталды. «Емтихан тапсырмай диплом аласың». Шымкентте алаяқ әйел сотталды.