×

Жаңа облыстардағы әкімшілік ғимараттарға 12 млрд теңге бөлінеді

Бұл қаржы әкімшілік ғимараттарды көшіруге, жөндеуге, жалға алуға және жаңа нысандарды сатып алуға жұмсалады

 Дәурен Ерболат 13.06.2022 | 13:26
Фото: Halyq Uni

Алматы, Ұлытау және Абай облыстарындағы әкімшілік ғимараттарға шамамен 12 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде жергілікті атқарушы органдар облыс орталықтарындағы әкімшілік ғимараттарды сатып алу, жөндеу, жалға беруге қажет бюджет қаражатының көлемін анықтады. Алдын ала болжам бойынша жалпы қажеттілік шамамен 12 миллиард теңге, - деді министр.

Оның айтуынша, қомақты қаржы төмендегідей бөлінеді:

- Алматы облысы бойынша 6 нысанға 3,5 млрд теңге,

- Ұлытау облысындағы 17 нысанға 7,6 млрд теңге,

- Абай облысындағы 10 нысанға 839 млн теңге.

Еске салайық, биыл елімізде жаңа 3 облыс құрылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама