Ресей газының транзиті 3 есе артқан
Көрсеткіш тағы өсуі мүмкін
Қазақстан аумағы арқылы өтетін Ресей газының транзиті 3 есе артты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан арқылы 1,28 млрд текше метр Ресей газы тасымалданған.
Биыл қаңтар-тамызда көрсеткіш 3,47 млрд текше метрге жетті. Еліміздің аумағы арқылы газ тағы 4 ай тасымалданады.
Бұған дейін Ресей, Қазақстан мен Өзбекстан арасында «газ одағын» құру мәселесі талқыланған еді. Бұл одаққа өзбек тарапы қосылмайтынын мәлімдеген.