Олардың ауыл шаруашылығы үшін маңызы қандай?
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз Halyq Uni тілшісіне берген сұхбатында көрші елдермен су ресурстары бойынша қандай келісімдер жасалғанын айтты. Бұл әсіресе, елімізде суды ең көп пайдаланатын сала – ауыл шаруашылығы үшін аса маңызды құжаттар саналады.
Оның мәліметінше, көршілес елдер арасындағы трансшекаралық өзендер бойынша ынтымақтастық қолданыстағы үкіметаралық келісімдер негізінде және су бөлу мәселесі бекітілген Ережелерге сәйкес жүзеге асып жатыр. Қолданыстағы келісімдер:
Сонымен қатар, Астанада Қазақстан төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының бірінші отырысы өтті. Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ХАҚҚ Атқару комитетінің төрағасы Асхат Оразбай, Тәжікстан Премьер-министрінің орынбасары Сулаймон Зиёзода, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Тангрыкули Атахаллыев, Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев, Қырғызстаннан бақылаушы ретінде Қырғызстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дюшекеев қатысты.Тараптар екі ауқымды жобаны іске асыру барысын талқылады. Алғашқысы – Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы, оның шеңберінде өңірде 35 жоба іске асырылып жатыр.
Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 86-шы отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов суару маусымы кезінде «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы Қазақстанға 922 млн текше метр су беру туралы уағдаласты. Ал, Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 33-ші отырысында Қазақстанға Қырғызстаннан Шу өзені арқылы 180 млн текше метр және Талас өзенімен 380 млн текше метр су беру туралы мәмілеге қол жеткізді.
Жыл басынан бері Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытаймен 20-дан астам өзен бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Олардың ішінде үш ірі трансшекаралық өзен: Ертіс, Іле және Емел бар. Бүгінгі таңда тараптар су бөлу мәселесі бойынша келісімнің бірқатар бабы бойынша ортақ келісімге келді. Қазақстан Өзбекстанмен екі ел тұтынатын судың нақты көлемін есептеуге мүмкіндік беретін қондырғыларды орнату туралы келісті. Бұл ретте Қазақстан Өзбекстан аумағында есептегіштер орнатады, ал өзбек жағы біздің елде қондырғыларын қояды, – деп қосты ведомство өкілі.
Сондай-ақ, министрлік «Орталық Азия елдері арасында су-энергетикалық ынтымақтастық тетігін құру туралы» келісім жобасын әзірлеп жатыр. Биыл Қазақстан Халықаралық су ағындарын кемеден тыс пайдалану құқығы туралы БҰҰ Конвенциясына қосылды. Конвенция трансшекаралық өзендердің, көлдердің және олармен байланысты жерасты суларының әділ бөлінуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ олардың пайдаланылуын реттейтін халықаралық құжат саналады.