Келіссөз жоспарға сәйкес өтіп жатыр
Биыл қыркүйекте Qazaq Air АҚ-ны вьетнамдық әуе компанияға сату рәсімі аяқталады. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Келісімшарт бұрын бекітілген мерзімде іске асырылады. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры келісімшартты қыркүйекте бекітуді жоспарлап отыр. Келіссөз уағдаласқан жоспарға сәйкес жүріп жатыр, - деді Талғат Ластаев.
Бұған дейін Қазақстанда шетелдік әуе компания пайда болуы мүмкін екені хабарланған еді.
Сондай-ақ Qazaq Air компаниясы сатылып жатқаны белгілі болған.