Halyq Uni логотип
×

Біз табиғи ресурстарға тәуел­діліктен арылуымыз қажет – президент

Экономиканы техноло­гия­лық жағынан дамыту – маңызды міндет, деді ол

 Қымбат Елтайқызы 08.08.2024 | 15:15
Біз табиғи ресурстарға тәуел­діліктен арылуымыз қажет – президент
фото: Halyq Uni

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» атты мақаласында мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Елдеріміздің жалпы аумағы – 3 882 000 шаршы шақырым, хал­қының саны 80 миллионнан асады, ал ішкі жалпы өнімі 450 миллиард долларға жуықтайды. Әлемдегі уран қорының шамамен 20, мұнай­дың 17,2, табиғи газдың 7 пайызы – біз­дің аймақтың еншісінде. Орталық Азия көмір өнді­ру­ден әлемде 10-шы, электр энергиясын өндіруден 19-орында тұр, деді Тоқаев.

Біздің экономикаларымыз бірін-бірі толықтырып отырады. Бұл жағ­­дай елдеріміздің сыртқы фак­­­тор­ларға лайықты төтеп бе­руін қам­там­а­сыз етіп, сауда-өнді­ріс сала­сында­ғы цикл­дерді әртарап­танды­руға мүмкіндік береді. Бірлескен эко­­но­микалық жобаларды тиімді іске асы­ру осы үдеріске оң ықпал ете алады, – деп қосты мемлекет басшысы.

Экономикаларымызды техноло­гия­лық жағынан дамыту – маңызды міндет. Біз табиғи ресурстарға тәуел­діліктен біртіндеп арылуымыз қажет. Осы ретте медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру және ақпараттық тех­нологиялар саласын қамтитын креативті индустрия мен цифрландыру ісі экономикаға тың серпін беретін күшке айнала алады. Өңір елдерінің осы бағытта бірлескен жобалар әзірлеуге әлеуеті де жетеді. Цифрлық және креативті индус­трия­ның жаппай қарқын алуы ши­кізатқа сүйенген экономикадан зият­­керлік сипаттағы өндіріске дәйек­ті түрде көшуге ықпал ете­ді, деп жалғастырды ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама