×

Тоқаев: Бес жылда Орталық Азияда өзара сауда айналымы 2 есе артты

Соның ішінде Қазақстанның Орталық Азия елдері­мен саудасы былтыр 26,8 пайызға өсті

 Қымбат Елтайқызы 08.08.2024 | 14:05
фото: egemen.kz

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» атты мақаласында мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кейінгі 5 жылда (2018-2023 жылдар) өзара сауда айналымы 2 есеге жуық көбейіп, 5,7 миллиард доллар­дан 11 миллиард долларға дейін арт­ты. Өткен жылдың қорытын­ды­сы бойынша ішкі тауар айналы­мы 25 пайызға өсті. Соның ішінде Қазақстанның Орталық Азия елдері­мен саудасы былтыр 26,8 пайызға артып, 8 миллиард долларға жетті, деді президент.

Бірлескен ірі жобалар оған қа­ты­­су­шы елдерге қомақты пайда әке­ліп қана қоймай, Орталық Азия экономикасының бүкіл құрылымын өзгертіп отыр. Шекара маңындағы аудандарда сауда-логистика және өнеркәсіп хабтарының желісін дамыту ісі ынты­мақтастықтың маңызды бағыты саналады. Бұл хабтар өзара сауда мен ор­тақ инвестициялық қызметті алға бастайтын жаңа драйвер бола алады, – деп қосты мемлекет басшысы.

Елдеріміздің көлік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдаланудың страте­гиялық маңызы артып келеді. Бұл сала өңірдің қарқынды дамуына жаңаша серпін беретін қозғаушы күшке айналуға тиіс. Экономикалық өрлеудің нақты бастауы саналатын өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және цифрландыру салаларында бірлескен кәсіпорындар құруға көп көңіл бөлініп жатыр. Орталық Азия мемлекеттерінің өнеркәсіптік кооперациясын дамыту жөніндегі іс-қи­мыл жоспарының биыл бекітілуі осы бағыттағы маңызды қадам болмақ, деп жалғастырды ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама