Halyq Uni логотип
×

Кепілсіз тұтынушылық несие мөлшері енді 8,1 млн теңгеден аспауы керек

Қаржы нарығын реттеу агенттігі тұтынушылық несие көлемінің талаптарын бекітеді

 Ербол Тұрымбет 18.07.2024 | 11:14
Кепілсіз тұтынушылық несие мөлшері енді 8,1 млн теңгеден аспауы керек
Фото: Halyq Uni

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микронесие көлеміне қойылатын талаптарды бекітеді. Бұл жөнінде агенттік қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Осы талаптар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін тұтынушылық банктік қарыздың және микроқаржы ұйымдары беретін тұтынушылық микронесиенің көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды. 

Құжат мәтіні бойынша, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін тұтынушылық банктік қарыздың көлемі мынадай талаптарға сәйкес келу керек:

  • кепілсіз банктік қарыз бойынша – тиісті қаржы жылына белгіленген 2200 АЕК-тен (биылға 8 122 400 тг) аспайтын мөлшерде;
  • кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыз бойынша – шектеусіз.

Микроқаржы ұйымдары беретін тұтынушылық микронесиенің көлемі мынадай талаптарға сәйкес келуі керек:

  • кепілсіз микрокредит бойынша – тиісті қаржы жылына белгіленген 1100 АЕК-тен (биылға 4 061 200 тг) аспайтын мөлшерде;
  • кепілмен қамтамасыз етілген микронесие бойынша – шектеусіз.

Бұған дейін Қазақстанда несиесін уақытында төлей алмай жүрген 1,5 млн бар екені айтылды.

Енді шілдеден бастап азаматтарға несие жүктемесін азайту үшін 90 күннен астам мерзім өткен жағдайда тұтынушылық несие беруге тыйым салынған. Ал қыркүйектен бастап азаматтар несие алу үшін жұбайының келісімін алуы керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама